Астанада Германияның Қоршаған орта мәселелері жөніндегі тәуелсіз институтының (UfU) Орталық Азия бойынша кеңсесін ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Naizanews.kz.
Келісімдер Өңірлік экологиялық саммит аясында жасалды. Тараптар Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі топырақтың тұздануын зерттеу сияқты бірлескен жобаларды талқылады.
Сондай-ақ ИСЕСКО өкілдерімен су үнемдеу бойынша білім беру бағдарламалары, ал ЕҚДБ-мен инфрақұрылымдық жобалар мен заманауи суару технологияларын енгізу мәселелері қарастырылды.
Министрлік мәліметінше, халықаралық ынтымақтастық су ресурстарын басқаруды күшейтіп, климаттық тәуекелдерге төзімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Источник: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі