Қазақстандық ғалымдар барит кендері мен қалдықтарын кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологиясын әзірледі, деп хабарлайды NAIZA NEWS ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.
Әзірлеме пайдалы компоненттерді тиімді алуды арттыруға және тау-кен металлургия саласындағы техногендік қалдықтардың жиналуын азайтуға бағытталған.
Қолданыстағы әдістер бариттің тек 70–75%-ын ғана алуға мүмкіндік берсе, жаңа технология барий сульфатының үлесі 95,47%-ға дейін жететін концентрат алуға мүмкіндік береді.
Әдіс гравитациялық және флотациялық тәсілдерді біріктіруге негізделген және Жамбыл облысындағы Шығанақ кен орнының қалдықтарын өңдеуге мүмкіндік береді.
Жаңа технологияны енгізу өндіріс тиімділігін арттырып, қалдық көлемін азайтып, өндірістік аймақтардағы экологиялық жағдайды жақсартады деп күтілуде.
Источник: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі